Қазақстандық дзюдошы әлем бойынша үздік ондыққа енді
Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Загребте өткен Гран-при турнирінде жеңіске жетіп, 66 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингтің үздік он спортшысының қатарына қосылды.
Sports.kz мәліметінше, Нұрқанат Серікбаев рейтингте бірден алты сатыға көтеріліп, 16-орыннан 10-орынға жайғасты. Қазір оның еншісінде 2748 ұпай бар. Ал бұл салмақта жапониялық Хифуми Абэ 5200 ұпаймен көш бастап тұр.
Серікбаев Загребтегі Гран-при жарысының финалында бразилиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Турнирдің күміс жүлдегері де рейтингтегі орнын жақсартып, 3389 ұпаймен сегізінші сатыдан жетінші орынға көтерілді.
Қазақстан құрамасы Загребтегі жарысты үш медальмен аяқтады. Нұрқанат Серікбаевтың алтынына қоса, Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Аман Бақытжан (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Дакарда өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтаған еді. Отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанғандар қатарында 52 келіге дейінгі салмақта дзюдодан топ жарған Фатима Супығалиева мен велоспорттың тасжолдағы жекелей жарысында жеңіске жеткен Әнел Ташбай бар.
Сондай-ақ Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрамасы күміс медаль иеленді. Жалпы, команда қоржынында бес күміс және екі қола жүлде бар.
10:47
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.