Қазақстандағы тегін скринингтер: кімдер және қандай тексеруден өте алады?

Скрининг – ауруларды ерте анықтауға арналған профилактикалық тексеру.


21/10/2026
09:15 0

Қазақстанда негізгі скрининг түрлері МӘМС мәртебесіне қарамастан, мемлекет кепілдік берген медициналық көмек аясында тегін жүргізіледі.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі обырын, жатыр мойны обырын, тоқішек обырын, В және С вирустық гепатиттерін, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес өзге де ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер жүргізіледі.

 

Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және глаукома: 40–76 жастағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет тексеруден өтеді.

 

Сүт безі обыры: 40–76 жастағы әйелдер екі жылда бір рет маммографиядан өтеді.

 

Жатыр мойны обыры: 30–74 жастағы әйелдер төрт жылда бір рет скринингтен өтеді.

 

Тоқішек обыры: 50–76 жастағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет тексеріледі.

 

Скринингтен өту үшін тіркелген емханаға жүгініп, биыл қандай тексерулерден өтуге болатынын нақтылау қажет. Медицина қызметкерлері тексеруден өту тәртібін түсіндіріп, қажет болған жағдайда қосымша зерттеулерге жолдама береді.

 

Денсаулық сақтау министрлігі қандай да бір белгі пайда болғанын күтпей, тексеруден уақытылы өтуге шақырды. Ауруды ерте анықтау емді дер кезінде бастауға және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.

Поделиться

Нет комментариев.

21/10/2026 09:15
0

Уведомление