Қазақстандағы сегіз мемлекеттік порталдың жұмысы тоқтады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek экожүйесіне кіретін ақпараттық жүйелерде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.


20/11/2026
08:44 0

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылғы 19 қараша сағат 22:00-ден 23 қараша сағат 08:00-ге дейін төмендегі сегіз порталға кіру уақытша шектеледі:

 

- enbek.kz

- migration.enbek.kz

- career.enbek.kz

- hr.enbek.kz

- passport.enbek.kz

- skills.enbek.kz

- competence.enbek.kz

- aleumet.egov.kz

 

Ведомство техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін аталған ақпараттық жүйелердің жұмысы қалыпты режимде жалғасатынын мәлімдеді.

Поделиться

Нет комментариев.

20/11/2026 08:44
0

Уведомление