Популярные тэги

Қазақстандағы рақымшылық: кім ілікті, кім ілікпеді?

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия қорытындысын жариялады.


11/01/2026
15:56 52 0

 

ҚАЖК Қазақстанда қанша сотталушының тағдыры өзгергені жөнінде ресми дерек таратты. Комитет мәліметінше, амнистия аясында соттар 15 970 ұсынысты қараған. Нәтижесінде жазасын өтеп жатқандар мен пробация есебіндегілердің бір бөлігі бостандыққа шықты.

 

Қанша адам бостандыққа шықты?

 

Ел түрмелерінен 2 мыңнан астам адам босап шықты. Оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар бар. 11 мыңнан астам сотталушының жаза мерзімі азайтылды. Пробация есебінде тұрған 2 888 адам жазадан толық босатылып, тағы 7 600-ден астам адамның мерзімі қысқарды.

 

Амнистияға кімдер ілікті?

 

Амнистия ең алдымен әлеуметтік осал топтарға бағытталды. Олардың қатарында:

 

• кәмелетке толмағандар;

 • балалы және жүкті әйелдер;

 • мүгедектігі бар жандар мен қарттар бар.

 

Бостандыққа шыққандардың барлығы жеке полиция есебіне алынып, пробация қызметінің тұрақты бақылауында болады. Олардың қоғамға бейімделуі үшін жұмысқа орналасуға көмек, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетілмек.

 

Кімдерге кешірім жоқ?

 

Заң бойынша ауыр қылмыс жасағандарға кешірім жасалмайды. Олар:

 

  • жемқорлар, экстремистер мен террористер;
  • педофилдер;
  • азаптау әрекеттерін жасағандар;
  • қылмысты қайталап жасаған рецидивистер.

 

Тәуелсіз Қазақстан жылнамасындағы амнистиялар:

 

·       1991  – Қазақ КСР егемендігіне байланысты амнистия;

·       1994 – Халықаралық отбасы жылына орай;

·       1996 – Жаңа Конституцияның 1 жылдығына орай;

·       1999 – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылында жарияланған рақымшылық;

·       2002 – Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай;

·       2006 – Тәуелсіздік күніне орай;

·       2011 – Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай;

·       2016 – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты жарияланған амнистия;

·       2025 – Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/01/2026 15:56
52 0

Уведомление