Қазақстанда ЖОО-ларда үш жылдық оқу жүйесін енгізу мәселесі қаралады

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.


23/10/2026
12:47 0

Үкімет басшысының жауабында айтылғандай, Ғылым және жоғары білім министрлігі тиісті тұжырымдаманы іске асыру аясында 2027 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және салалық бизнес қауымдастықтарымен бірлесіп, жоғары оқу орындарында үш жыл оқытуға қажетті жағдайларды талдайды.

 «Талдау қорытындысы бойынша мамандар даярлау жүйесін реттеуге қатысты әрі қарайғы шаралар қабылданады», – делінген жауапта.

 Бұған қоса, білім беру бағдарламаларын нормативтік және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету тетіктері де сараланады.

 Премьер-министрдің сөзінше, зерттеу барысында оқу бағдарламаларының қарқындылығы, мамандарды даярлауға нақты жұмсалатын шығын, түлектердің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы, жұмыс берушілердің даярлық сапасына көңілі толуы, түлектердің табысы және кәсіби сертификаттау нәтижелері ескеріледі.

Поделиться

Нет комментариев.

23/10/2026 12:47
0

Уведомление