Қазақстанда тәжірибесі жоқ жастар қай салада жұмыс істей алады

Биыл «Жастар практикасы» жобасы аясында 25 мың жас қазақстандық жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды Masa.media.


26/03/2026
11:07 40 0

Бағдарлама кімдерге арналған?

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, аталған бағдарлама жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарын бітірген, бірақ жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жасқа дейінгі түлектерге арналған. Жобаға қатысу үшін үміткерлер Мансап орталықтарына өтініш тапсыруы қажет.

 

Бағдарлама аясында әрбір қатысушыға жұмыс беруші тарапынан тәлімгер бекітіліп, ол жас маманның кәсіби дағдысын қалыптастыруға және тәжірибе жинауына көмектеседі.

 

Қаржыландыру

 

Қаржыландыруды Еңбек ұтқырлығы орталығы жүзеге асырады. Төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы екінші деңгейлі банктердегі қатысушылардың карт-шоттарына ай сайын аударылады.

 

Сұранысқа ие мамандықтар

 

Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың ақпан–наурыз айларының қорытындысы бойынша жоба аясында 423 жас жұмыспен қамтылған.

 

Ең көп сұранысқа ие мамандықтар:

 

  • мейіргер (124 адам)
  • заңгер (66 адам)
  • шет тілі мұғалімі (57 адам)
  • тәрбиеші (47 адам)
  • бастауыш сынып мұғалімі (43 адам).

 

Жобаға қатысушылардың орташа айлық жалақысы 129,7 мың теңгені құрады.

Поделиться

Нет комментариев.

26/03/2026 11:07
40 0

Уведомление