Популярные тэги

Қазақстанда сервистік роботтар шығарылады: өндіруші кім, құны қанша

UBTECH Robotics атты қытайлық компания Қазақстанда робот шығара бастайды, деп хабарлайды Masa Media.


16/01/2026
15:38 41 0

45 млрд теңгенің жобасы

 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралау барысында NERO Group компаниясының өнімдерімен танысқан.

 

Компания құрылтайшысы Ерлан Нәбиев жалпы құны шамамен 44,8 млрд теңгені құрайтын 2025-2027 жылдарға арналған жоғары технологиялық өндірістерді локализациялаудың кешенді жобасын ұсынып отыр.

 

«Бастама 650-ден астам жұмыс орнын ашуды, өндірістік алаңдарды 21 068 шаршы метрге дейін кеңейтуді және кабельдік өнімдер мен компоненттер өндірісін, газ есептеу құрылғыларын шығаруды кеңейтуді, сондай-ақ пилотсыз жүйелер мен робототехника шығаруды қоса алғанда, жаңа бағыттарды іске қосуды көздейді. Жоба инженер кадрларды даярлауды көздейді: бакалавриат бағдарламалары бойынша жылына 60 адам және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша 200 адамға дейін», – дейді әкімдіктегілер.

 

Роботтар өндірісі

 

Сондай-ақ, премьер-министр Smart Energy ғылыми-білім беру кластерінің жобасы таныстырылды. Оны әзірлеуге АЭжБУ мен ТКШ Қазорталығы қатысқан. Жоба білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялауды, дуальды білім енгізуді және инженер мамандарды даярлауды көздейді.

 

Бұдан бөлек,  UBTECH Robotics атты Қытайдың адамға ұқсас роботтар мен интеллект қызмет жүйесін дайындаумен айналысатын компаниясымен бірлесіп ЖИ базасында білім беру және сервистік роботтар өндірісін іске қосу жоспарланып отыр.

 

«Осы бағыт бойынша сұраныс қалыптасып, AI-зертханаларды енгізуге офтейк-келісімшарттар жасалды. Қуаты – жылына шамамен 25 мың жиынтық», – деп хабарлады әкімдік.

UBTECH Robotics 2026 жылы шамамен 10 мың роботты (Walker S2) сатылымға шығармақ.

Поделиться

Нет комментариев.

16/01/2026 15:38
41 0

Уведомление