Қазақстанда әлеуметтік желілерді бақылау заңдастырылады
Елімізде интернет кеңістігін бақылаудың жаңа қағидалары әзірленді.
«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжат жобасына сүйенсек, мониторинг барлық дерлік ашық цифрлық алаңдарды қамтиды. Олардың қатарында сайттар, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да онлайн платформалар бар.
Бақылау негізінен пайдаланушыларды ақша салуға немесе күмәнді жобаларға қатысуға үгіттейтін контентке бағытталады. Мұндай материалдарға қаржы пирамидалары, заңсыз құмар ойын бизнесі және заңмен тыйым салынған өзге де қызмет түрлері жатады.
Құжатта заңсыз контент анықталғаннан кейін қандай шара қолданылатыны алғаш рет нақты көрсетілген. Үш түрлі нұсқа қарастырылған:
— қылмыс белгілері анықталса, қылмыстық іс қозғалады;
— ондай белгі болмаса, материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданады;
— ал контент заңмен немесе сот шешімімен тыйым салынған болса, оны бұғаттау рәсімі басталады.
Осы мақсатта Қаржы мониторингі агенттігі уәкілетті органға ресми хабарлама жолдайды. Оған жарияланымдардың скриншоттары мен өзге де дәлелдер қоса тіркеледі.
10:28
64
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.