Қазақстанда ерлердің еңбекақысы әйелдердікінен жоғары

Қазақстанда орташа жалақы 500 мың теңгеге жуықтағанымен, жалдамалы жұмысшылардың 41,5 пайызы айына 300 мың теңгеден аз табыс табады.


27/10/2026
14:36 0

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  2026 жылдың екінші тоқсанында орташа жалақы 486 388 теңге болған. Алайда жұмысшылардың жартысы алатыны не одан аз табатыны көрсетілетін медианалық жалақы 348 415 теңгені құрады. Ал ең жиі кездесетін жалақы мөлшері – 187 006 теңге.

 

Бюро 3,38 миллион жұмысшының табысын зерттеген. Олардың 2,2 пайызы 100 мың теңгеге дейін, 9,4 пайызы 100–150 мың теңге, ал 29,9 пайызы 150–300 мың теңге аралығында жалақы алады. Тағы 30,8 пайызының айлығы 300–490 мың теңге болса, 27,7 пайызы 490 мың теңгеден жоғары табыс табады.

 

Шетелдік компанияларда орташа жалақы 748 529 теңгеге жеткен. Жеке кәсіпорындарда бұл көрсеткіш 513 076 теңге, мемлекеттік ұйымдарда 365 476 теңге.

 

Жас ерекшелігіне қарай да айырмашылық бар. 16–24 жастағы қызметкерлер орта есеппен 310 256 теңге алса, 35–44 жастағылардың жалақысы 489 629 теңгеге жетеді. 45–54 жастағы жұмысшылардың орташа табысы – 467 544 теңге.

 

Ерлердің орташа сағаттық еңбекақысы – 2 859 теңге, әйелдердікі – 2 180 теңге. Айырмашылық – 679 теңге.

 

Орта білімі бар қызметкерлер айына орта есеппен 311 169 теңге алады. Жоғары білімді мамандардың жалақысы 523 210 теңге болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардың табысы 802 944 теңгеге жеткен.

Поделиться

Нет комментариев.

27/10/2026 14:36
0

Уведомление