Қазақстанда қай өңірде жұмыс көп және жалақы жоғары

Елде жыл басында ең көп сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды.


16/03/2026
19:25 27 0

HeadHunter (hh.kz) жұмыс іздеу платформасы  2026 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы еңбек нарығындағы жұмыс берушілер белсенділігін талдап, ең көп жарияланған вакансияларды, ұсынылатын жалақы деңгейін және бос орындар жиі жарияланатын қалаларды анықтады.

 

Ең көп сұранысқа ие мамандықтар

 

Қаңтар айының қорытындысы бойынша ең көп жарияланған бос орындар сату менеджері мен клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлерге тиесілі. Бұл мамандық барлық вакансиялардың 10,6%-ын құрайды. Ұсынылатын медианалық жалақы – шамамен 300 мың теңге.

 

Екінші орында бухгалтерлер тұр – 7,5%, медианалық жалақысы 300,5 мың теңге.

 

Үшінші орында сатушы-кеңесші және кассирлер4,7%, жалақысы – 202 мың теңге шамасында.

 

Сонымен қатар ең сұранысқа ие он мамандықтың қатарына мыналар кірді:

 

  • жүргізуші
  • әкімші
  • мұғалім, оқытушы, педагог
  • сауда өкілі
  • аспаз, наубайшы, кондитер
  • бағдарламашы, әзірлеуші
  • даяшы, бармен, бариста
  •  

Бұл тізімдегі ең жоғары медианалық жалақы бағдарламашыларға ұсынылған – шамамен 441,5 мың теңге.

 

Нарықтың ақпандағы жағдайы

 

Ақпан айында да еңбек нарығындағы жағдай шамамен сол күйінде қалды.

Ең көп вакансия жарияланған мамандықтар:

 

  1. Сату менеджері, клиенттермен жұмыс менеджері – 11,1%, жалақысы – 302 мың теңге
  2. Бухгалтер – 7,6%, жалақысы 341,7 мың теңге
  3. Сатушы-кеңесші, кассир – 4,5%, жалақысы – 208 мың теңге

 

Жалпы алғанда жұмыс берушілердің негізгі сұранысы сату саласына, бухгалтерияға, бөлшек саудаға және қызмет көрсету секторына шоғырланған.

 

Ең көп вакансия жарияланған қалалар

 

2026 жылдың қаңтар айында бос жұмыс орындарының басым бөлігі ірі қалаларда жарияланған.

 

Ең белсенді қалалар:

  • Алматы – барлық вакансияның 39,5%-ы.
  • Астана23,5%
  • Қарағанды5,8%
  • Шымкент4,7%
  •  

Сонымен қатар алғашқы ондыққа Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Атырау және Петропавл кірді.

 

Ұсынылған медианалық жалақы бойынша көш басында Астана тұр – шамамен 484 мың теңге. Ал Алматыда бұл көрсеткіш 475 мың теңгеге жуық.

 

Ақпандағы жалақы өсімі

 

Ақпан айында да вакансиялардың басым бөлігі Алматы мен Астанада жарияланған.

 

  • Алматы – 40,1%
  • Астана – 23,6%

Жалақы көлемі де біршама өскен:

 

  • Астана – 495 мың теңге
  • Алматы – 486 мың теңге

Сарапшылардың айтуынша, бұл деректер Қазақстандағы еңбек нарығында сауда, қызмет көрсету және кеңсе қызметкерлеріне сұраныс жоғары екенін көрсетеді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/03/2026 19:25
27 0

Уведомление