Қазақстанда 16 жасқа толмағандардың желідегі аккаунттары жойылуы мүмкін

Мұндай талап «Онлайн-платформалар туралы» заң жобасы қабылданған жағдайда күшіне енуі ықтимал.


18/11/2026
13:00 0

Заң жобасын әзірлеушілердің бірі, депутат Александр Даниловтың айтуынша, балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу тетіктері әлі де жұмыс тобында талқылануы керек.

Депутат заң жобасы қабылданған жағдайда 16 жасқа толмағандардың аккаунттарын жою орынды деп санайды.

– Біз аккаунттарды жою мәселесін бұған дейін де талқыладық. Бұл заңда қарастырылатын ең қатаң шара болуы мүмкін. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай шектеулер болған жоқ. Дегенмен заң талаптарын енгізу үдерісі барынша бірқалыпты жүргенін қалаймыз. Ол елеулі қиындықтар туғызбауы керек. Заң күшіне енгеннен кейін оны іске асыру тетіктерін жұмыс тобы аясында талқылауға белгілі бір уақыт беріледі, – деді Данилов.

Оның сөзінше, егер заңға сәйкес, тексеруден (верификациядан) өткеннен кейін аккаунттарды пайдалануға рұқсат етілмесе, олар жойылатын болады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/11/2026 13:00
0

Уведомление