Популярные тэги

Қазақстанға оралған Шайдоров пен Самоделкинаға пәтерлер сыйға берілді

Елге оралған ақ Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты қазақстандықтар құрметпен күтіп алды, деп хабарлайды Masa media.


25/02/2026
08:36 27 0

Сый-сыяпат

 

Чемпионға Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанау бойынша қыздар арасынан ел намысын қорғаған Софья Самоделкина 1 бөлмелі пәтердің сертификатымен марапатталды. Ол Олимпиадада үздік он спортшының қатарына енген еді.

 

Бұған қоса ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға 1 бөлмелі пәтер табысталды.

 

Шайдоровтың алғысы

 

Михаил Шайдоров отандастарына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

«Мені қолдаған баршаға рақмет! Осындай керемет сыйлықтар үшін шексіз ризамын. Бұл қолдау үшін шын жүректен алғыс. Мен үшін бұл өсуді жалғастыруға және еліміздің даңқын арттыруға үлкен мотивация. Барлығыңызға рақмет!», - деді Шайдоров.

Еске салайық, Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанды. Бұл – қысқы Олимпиада ел қоржынына 32 жылдан кейін түскен тарихи алтын. 1994 жылғы Олимпиада чемпион атанған Владимир Смирновтан кейін қазақстандық спортшылар алтын алмаған еді.

Поделиться

Нет комментариев.

25/02/2026 08:36
27 0

Уведомление