Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады
19 қыркүйекте Қазақстанда World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық іс-шаралар өтеді.
Акцияға кімдер қатысады
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, акцияға саябақтар, скверлер, су айдындарының жағалауы мен басқа да демалыс орындарын тазалауға еріктілер, жастар, мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ қарапайым тұрғындар қатысады.
Қай өңірлерде өтеді
Тазалық жұмыстары Қазақстанның барлық өңірін қамтиды. Мәселен, Астанада акция 12 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтіп жатқан экологиялық айлық аясында ұйымдастырылады. Ал Түркістан облысында аумақтарды тазалаумен қатар ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бастаманың мақсаты – тек тұрмыстық қалдықтарды жинау емес. Жоба тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен саналы тұтыну қағидаларын насихаттауға бағытталған.
фото: zhanaqorgan-tynysy.kz
09:20
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.