Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте нешінші орында?

Қазақстан паспорты әлемдегі ең мықты паспорттар рейтингінде бір саты төмендеді.


30/09/2026
10:48 0

Қазақстанның ұтқырлық индексі неге төмендеді?

 

Жаңартылған Global Passport Power Rank-2026 рейтингінде Қазақстан 55-орыннан көрінді.

 

Биыл Қазақстанның ұтқырлық индексі (Mobility Score ) 92-ден 90 бағытқа дейін төмендеді. Оның ішінде визасыз баруға болатын елдер мен аумақтардың саны 45-тен 43-ке азайған. Ал барған кезде виза рәсімдеуге болатын бағыттар саны одан да қатты қысқарып, 47-ден 41-ге түсті.

 

Рейтинг үздіктері

 

Рейтингте Біріккен Араб Әмірліктері бұрынғыдай бірінші орында. БАӘ паспорты иелеріне алдын ала виза рәсімдемей 182 елге баруға мүмкіндік береді. Екінші орында Малайзия мен Сингапур қатар тұр. Ал Испания 174 бағытпен үшінші орынға жайғасты.

 

Ал Жапония мен Оңтүстік Корея төртінші орыннан бесінші орынға төмендеді. Сонымен қатар бірнеше Еуропа елі рейтингте жоғары көтерілді.

Поделиться

Нет комментариев.

30/09/2026 10:48
0

Уведомление