Қазақстан қоржынына Азиаданың алғашқы алтыны түсті
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Сұлтанованың жеңісі
Сұлтанова әйелдер арасындағы тасжолдағы велоспорттың жекелей жарысында топ жарды. Ол қашықтықты 36 минут 23,72 секундта жүріп өтті.
Екінші орынды Қытай өкілі Чжан Хао 36 минут 28,40 секунд нәтижесімен иеленді. Ал қола жүлде Оңтүстік Корея спортшысы Син Джиынға бұйырды. Оның нәтижесі – 36 минут 56,14 секунд.
Осылайша, Рината Сұлтанова Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде-ақ Қазақстан құрамасының алтын жүлде есебін ашты.
Бұл – спортшының Азиададағы екінші көрсеткіші. Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарында ол жеке стартпен өткен жекелей жарыста қола медаль жеңіп алған еді.
Сұлтанованың жеңісі Қазақстанның XX жазғы Азия ойындарындағы алғашқы алтыны болды.
Қазақстан спортшыларына 99 медаль ажеңіп алу міндеті қойылды
Еске салайық, Азиада-2026-ға Қазақстан құрамасы сапында 559 спортшы қатысуда.
Қазақстандық спортшыларға түрлі дәрежедегі 99 медаль жеңіп алу міндеті қойылды.
Ел спортшылары академиялық есу, көркем жүзу, бадминтон, 5×5 және 3×3 баскетболы, батут гимнастикасы, бокс, брейкинг, тасжол және тректегі велоспорт, су добы, волейбол, еркін күрес, гандбол, гольф, байдарка мен каноэде есу, ескек есуден слалом, грек-рим күресі, джиу-джитсу, дзюдо, каратэ, киберспорт, ат спорты, жеңіл атлетика, маунтинбайк, үстел теннисі, падел, желкенді спорт, жүзу, жағажай волейболы, суға секіру, нысана көздеу, регби-7, скейтбординг, аралас жекпе-жек, қазіргі бессайыс, спорттық гимнастика, спорттық құзға өрмелеу, стенд атудан, садақ ату, таэквондо, теннис, триатлон, ауыр атлетика, ушу, семсерлесу, көгалдағы хоккей және көркем гимнастикадан бақ сынайды.
фото: ҚР ҰОК
08:21
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.