Қазақстан азаматы Түркияда жұмбақ жағдайда қаза тапты

Түркияда Қазақстан азаматы жұмбақ жағдайда қаза тапты. 43 жастағы әйелдің денесі Анталия қаласындағы үйінен табылған.


10/05/2026
22:07 0

Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, 43 жастағы Қазақстан азаматы Дәрия Өзтүріктің денесі Анталияның Коньяалты ауданындағы үйінен күйеуі тауып алған.

 

«Мәйітті қараған дәрігер күдіктенген соң, оқиға орнына тергеу тобы мен прокурор барған», – деп жазды жергілікті «Antalya bugün» басылымы.

 

Оқиға орнындағы тексеруден кейін әйелдің денесі Анталиядағы сот-медицина институтына жіберілген. Сол жерде өлімнің неден болғанын нақты анықтайды.

 

Әйелдің күйеуі мен 7 жастағы қызы болған.

Поделиться

Нет комментариев.

10/05/2026 22:07
0

Уведомление