Популярные тэги

Қазақстан-АҚШ келіссөздері: Тоқаевтың өкілі кім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Қазыханды АҚШ-пен келіссөздер жүргізу бойынша өзінің өкілі етіп тағайындады, деп хабарлайды Masa Media.


13/01/2026
16:04 30 0

Толығырақ

 

Ержан Хозеұлы Қазыханға Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде мемлекет басшысының өкілі болу міндеті жүктелді.

 

Тәжірибелі дипломат

 

Ержан Қазыхан – дипломатияның жілігін шағып, майын ішкен тәжірибелі маман. 1989 жылдан бері ол Сыртқы істер министрлігінде түрлі жауапты қызмет атқарды.

 

  • 1989 - 1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Протоколдық-саяси бөлімінің екінші, бірінші хатшысы.
  • 1992 - 1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің бастығы.
  •  1995 - 1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
  •  1999 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.
  •  2003 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі; Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
  •  2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
  •  2008 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
  •  2009 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.
  •  2011 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
  •  2012 - 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
  •  2014 - 2017 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы және Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
  •  2017 - 2021 жылдары - Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  •  2021 - 2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі.
  •  2023 - 2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі.
  •  2025 жылғы қарашадан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/01/2026 16:04
30 0

Уведомление