Қазақстан-АҚШ келіссөздері: Тоқаев өз өкілін таңдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Қазыханды АҚШ-пен келіссөздер жүргізу бойынша өзінің өкілі етіп тағайындады, деп хабарлайды Masa Media.
Толығырақ
Ержан Хозеұлы Қазыханға Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде мемлекет басшысының өкілі болу міндеті жүктелді.
Тәжірибелі дипломат
Ержан Қазыхан – дипломатияның жілігін шағып, майын ішкен тәжірибелі маман. 1989 жылдан бері ол Сыртқы істер министрлігінде түрлі жауапты қызмет атқарды.
- 1989 - 1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Протоколдық-саяси бөлімінің екінші, бірінші хатшысы.
- 1992 - 1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің бастығы.
- 1995 - 1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
- 1999 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.
- 2003 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі; Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
- 2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
- 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
- 2009 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.
- 2011 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
- 2012 - 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
- 2014 - 2017 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы және Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
- 2017 - 2021 жылдары - Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
- 2021 - 2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі.
- 2023 - 2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі.
- 2025 жылғы қарашадан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды.
16:04
62
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.