Қазақстан анимациясының апталығы: тегін сеанстар қайда өтеді

Анимация апталығы – балаларға, жасөспірімдерге және отбасылық көрерменге арналған отандық мультфильмдердің коммерциялық емес көрсетілімдерінен тұратын мәдени жоба.


25/03/2026
09:04 27 0

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша Қазақстан анимациясының апталығы өтіп жатыр.  Ұйымдастырушылар заманауи туындыларды барлық көрерменге қолжетімді етпек. Тегін сеанстар Астана, Қарағанды кинотеатрларында өтеді.

 

Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерімен бірлескен жоба аясында көрсетілімдер елордадағы Әскери-патриоттық орталықта және еліміздің шалғай өңіріндегі әскери гарнизондарында – Семей, Отар, Сарыөзек, Алматыда ұйымдастырылмақ. Бұл іс-шара әскери қалашықтарда тұратын отбасылар мен балалар жаңа мультфильмдерді тамашалауға мүмкіндік береді.

 

Бағдарламада түрлі жас ерекшелік пен талғамға сай туындылар бар. Толықметражды ертегілермен қатар, авторлық қысқаметражды туындылар да ұсынылады.

 

Көпшілік 2025 жылдың жаңа мультфильмдері мен «Қазақфильм» мен Ұлттық киноны қолдау орталығының алтын қорына енген үздік ленталарды тамашалай алады.

 

Бастаманы  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырып жатыр. Жоба ұлттық анимацияны дамыту мен нарықты мемлекеттік тілдегі сапалы контентпен байыту мақсатында жүзеге асты.

Поделиться

Нет комментариев.

25/03/2026 09:04
27 0

Уведомление