Қазақстан 40-орында: Әлем елдерінде сырттан тамақтану қаншалықты қымбат?

Канаданың Visual Capitalist онлайн-талдау платформасы әлем елдерінде сыртта тамақтанудың орташа құнын анықтау үшін зерттеу жүргізді.


07/10/2026
11:02 0

Зерттеу қалай жүргізілді?

 

Зерттеу барысында салыстыруды барынша нақты жүргізу үшін арзан мейрамханада, фастфуд орнында, жергілікті тағамдар ұсынылатын көше дәмханасында немесе қарапайым асханада бір адамға түсетін түскі астың орташа бағасы есепке алынған.

 

Кейін елдердегі көрсеткіштер ең қымбатынан бастап ең арзанына қарай ретімен орналастырылған. Зерттеуге әлемнің 98 мемлекеті енгізілген. Алайда олардың қатарында Ресей, Тәжікстан, Израиль және Люксембург жоқ.

 

Зерттеу әдістемесіне сәйкес, Қазақстан 2026 жылы бір адамға арналған түскі астың қымбаттығы бойынша әлемде 40-орынға жайғасқан. Сарапшылар біздің елде бір адамға арналған түскі астың орташа бағасы $10.85 доллар деп есептеген. Бұл – ТМД елдері арасындағы екінші көрсеткіш.

 

Қай елдерде тамақтану қымбат?

 

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, үйден тыс тамақтануға ең көп ақша жұмсайтын ел — Швейцария. Мұнда арзан мейрамханада немесе көше дәмханасында бір адамға арналған түскі ас 31,20 доллар тұрады. Бұл 2026 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Ұлттық банкінің бағамымен шамамен 14 193 теңге.

 

Екінші орында – Норвегия. Мұнда бір адамның түскі асы 23,60 доллар, яғни 10 735 теңге тұрады.

 

Үшінші орында – Дания. Бір адамға арналған түскі астың орташа бағасы 23,43 доллар, немесе 10 658 теңге.

 

Үйден тыс тамақтану ең қымбат елдердің ондығына сондай-ақ Бельгия (23,36 доллар немесе 10 626 теңге), Нидерланд (23,36 доллар немесе 10 626 теңге), Ирландия (23,35 доллар немесе 10 622 теңге), Ұлыбритания (21,82 доллар немесе 9 926 теңге), Италия (20,19 доллар немесе 9 184 теңге), АҚШ (20 доллар немесе 9 098 теңге) және Австрия (18,68 доллар немесе 8 497 теңге) кірген.

 

Поделиться

Нет комментариев.

07/10/2026 11:02
0

Уведомление