Қайрат Нұртастың Астанадағы концерті экоакциямен аяқталды
Астанада белгілі әнші Қайрат Нұртастың концерті дүркіреп өтті. Концерт аяқталған соң көрермендер бірден үйлеріне тарамай, трибуналарда қалған қоқысты жинауға көмектесті.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, акцияға қатысушылар шарадан кейін аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді. Олар көпшілік жиналатын мәдени шаралар кезінде тазалық сақтауға әр адамның үлес қоса алатынын өз ісімен көрсетті.

«Бүгін достарыммен бірге өзіміз жақсы көретін қазақстандық әншінің концертін тамашалауға келдік. Концерттен ерекше әсер алдық. Шара аяқталған соң аумақты жинауға көмектесуді жөн көрдік. Бұл – қаланың тазалығына қосқан кішкентай ғана үлесіміз», – деді көрермендердің бірі.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Қаланың тазалығы әр адамның өзінен басталатынын да еске салады.

11:06
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.