«Қайрат» бас бапкерcіз қалды: Рафаэль Уразбахтин клубтан кетті

«Қайрат» бас бапкердің қызметтен кету себебін жарияламады.


26/10/2026
15:12 0

Клуб бұл туралы 26 қазанда, «Ақтөбемен» 2:2 есебімен тең түскен матчтан кейін хабарлады. Осы ойында ұпай жоғалтқан алматылықтар Қазақстан чемпионы атағын сақтап қалу мүмкіндігінен айырылды. Қазақстан Премьер-лигасының аяқталуына бір тур қалғанда «Қайрат» көш басындағы «Ордабасыдан» төрт ұпайға қалып қойды. Осылайша, шымкенттік клуб мерзімінен бұрын чемпион атанды.

 

«Қайрат» бас бапкердің қызметтен кету себебін жарияламады. Клуб мәлімдемесінде бұл шешім Уразбахтиннің өз бастамасымен қабылданғаны айтылған.

 

Уразбахтин 2024 жылғы қыркүйекте «Қайраттың» негізгі командасын жаттықтыра бастады. Алғашқы маусымында-ақ алматылықтарды Қазақстан чемпионы етті. 2025 жылы «Қайрат» ел Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады. Сондай-ақ клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

 

2026 жылғы маусымда команда Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шыққанымен, Қазақстан чемпионатында екінші орынмен шектелді.

 

Әзірге бас бапкер міндетін бұған дейін «Қайрат-Жастар» командасымен жұмыс істеген Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда чемпионаттың соңғы ойынына дайындалады. «Қайрат» 31 қазанда Алматыда «Алтай» клубын қабылдайды.

Поделиться

Нет комментариев.

26/10/2026 15:12
0

Уведомление