Ауылда маман қат: мемлекет жастарды өңірлерге қалай тартпақ
Қазақстанда ауылдық жерге көшіп, жұмыс істеуге барған кезде көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие алуға құқығы бар мамандар тізіміне өзгеріс енгізілді.
Тізімге кімдер қосылды
Тізімге мұрағат ісі және цифрлық технологиялар саласының мамандары қосылды. Бұдан бөлек, енді мемлекеттік қолдау ауылға жаңадан барған мамандарға ғана емес, оқуын аяқтап, ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін қайта оралған азаматтарға да беріледі.
Қолдау мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады:
- көтерме жәрдемақы – 100 АЕК;
- тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін бюджеттік несие – аудандық маңызы бар қалалардағы әкімшілік орталықтар үшін 2500 АЕК-ке дейін, басқа ауылдық елді мекендер үшін 2000 АЕК-ке дейін.
Қолдау алу үшін не істеу керек
Маман қолдау алу үшін ауылға келген немесе сол жерде тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш бере алады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болатын жағдайлар да кеңейтілді. Олардың қатарында құжаттардағы қателер, құжаттар топтамасының толық болмауы, төтенше жағдайлар, іссапарға шығу немесе стационарда емделу сияқты жағдайлар бар.
Тұрғын үйді өз күшімен салатын азамат құрылыс жұмыстары басталатыны туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына кемінде 10 жұмыс күні бұрын хабарлауға тиіс.
фото: golos-naroda.kz
11:29
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.