Аудио және бейнежазба сотта дәлел ретінде қолданыла ма – Конституциялық сот жауабы
Конституциялық сотта аудио және бейнежазбаларды дәлел ретінде пайдалануға қатысты норманы тексеру жөніндегі өтініш қаралды.
Қандай жазбаларды пайдалану заңды?
Соттың мәліметінше, өтініш Жоғарғы соттың қылмыстық процестегі дәлелдемелерді бағалау мәселелеріне қатысты нормативтік қаулысының бір тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеруге байланысты түскен.
«Бұған аудио және бейнежазбалар дәлел ретінде пайдаланылған қылмыстық іс себеп болды», – делінген сот хабарламасында.
Конституциялық соттың түсіндіруінше, дәлелдеме ретінде тек заң талаптарына сай алынған мәліметтер ғана танылады.
Даулы норма
Сот даулы норма аудио және бейнежазбаларды алу тәртібін белгілемейтінін әрі сотты олардың іске қатыстылығын, заңдылығын және шынайылығын тексеру міндетінен босатпайтынын атап өтті.
«Нақты жазбалардың қандай жағдайда және қаншалықты заңды түрде алынғаны, сондай-ақ жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығының сақталуы қылмыстық қудалау органдары мен сот тарапынан тиісті қылмыстық істі қарау кезінде бағалануға тиіс», – деп толықтырды Конституциялық соттың баспасөз қызметі.
12:41
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.