Астаналықтармен ашық диалог: «Әділет» елордада жиырмаға жуық жиын өткізді
Құрылтай сайлауына дейінгі үгіт науқынының соңына қарай саяси партиялар қарқын арттырды.
«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Астанада сайлауалды бағдарламасын таныстырып, елорда тұрғындарымен және түрлі сала өкілдерімен жиырмаға жуық кездесу өткізді. Бір күннің өзінде штаб өкілдері еңбек ұжымдарымен, экологтармен, көлік саласының мамандарымен, жастармен, IT және креативті индустрия өкілдерімен жүздесіп, қоғамды толғандырған мәселелерді талқыға салды.
Кездесулер барысында партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасындағы нақты бастамалар таныстырылып, азаматтардың ұсыныстары мен пікірлері де тыңдалды. Сондай мағыналы жиынның бірі – «Астана орманы» мекемесінде өтті. Штаб өкілдері еңбек ұжымымен қоршаған ортаны қорғау, елорданың жасыл белдеуін сақтау, орман қорын қалпына келтіру және сала мамандарының еңбегін қолдау мәселелерін сөз қылды.

Құрылтай депутаттығына кандидат Ләззат Разбекованың айтуынша, экология партия үшін стратегиялық бағыттардың бірі.
«Біздің партия үшін экология – жай ғана тазалық мәселесі емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. «Әділет» партиясының бағдарламасында қоршаған ортаны қорғау, жасыл аймақтарды көбейту, орман қорын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған көптеген бастама бар», – деді Ләззат Разбекова.
Сонымен қатар, жастар мен еріктілердің бастамаларын гранттық қаржыландыруды кеңейту, волонтерлікке, қайырымдылыққа және экологиялық жобаларға қатысатын жастардың үлесін 32 пайызға дейін жеткізу көзделген.
Сонымен қатар, партия «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын негізге ала отырып, орман өсіру, қалпына келтіру және заманауи қорғау жүйелерін енгізу арқылы орман алқабының аумағын 14,5 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлап отыр.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен басталып, бір ауыл, бір қала емес, бүкіл Қазақстанды қамтыған ерекше бағдарламаға айналды.
Ал партия бұл бағытта орман алқаптарының жай-күйін цифрлық жүйелер мен дрондар арқылы бақылау, өрт пен өзге де қауіп-қатерлерді ерте анықтау сияқты жаңа тәсілдерді енгізу ұсынылып отыр.

Экологиямен қатар, елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. City Transportation Systems ұжымымен өткен кездесуде Құрылтай депутаттығына кандидат Ирина Тен қаланың көлік жүйесін жетілдіру және тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру жайын айтты.
Кездесулердің тағы бір маңызды бағыты – цифрландыру болды. Құрылтай депутаттығына кандидат Карлығаш Жаманқұлованың пікірінше, партия қабылдайтын шешімдер азаматтардың күнделікті өмірінде нақты нәтижеге айналуы қажет. Цифрландыру бағыты «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы үлкен блокты алып жатқан сала. Партия Қазақстан бойынша кемі 5 млн адамды жасанды интеллект негіздеріне үйретпек.
Астанадағы Өрт сөндіру депосы және «Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС еңбек ұжымдарымен болған жиындарда да партия ұстанымдарының негізінде жатқан Әділет, Патриотизм, Жауапкершілік, Еңбекқорлық және Прогресс дейтін бес құндылық жан-жақты талқыланды.
Осылайша «Әділет» партиясының Астанадағы кездесулері түрлі саланың өкілдерін бір алаңға тоғыстырды. Айта кетерлігі, азаматтардың ұсыныстары мен пікірлері түрлі тәсіл, оның ішінде QR-код арқылы жинау жалғаса береді. Бас қаладағы ауқымды үгіт-насихат жұмысы Open Air мерекелік кешімен қорытындыланды.
Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
14:31
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.