Астаналық оқушы әлемдік білім үздіктерінің қатарына енді
Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Гарвард университетіне оқуға қабылданды, деп хабарлайды Masa.media.
AP International Diploma иегері
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған. Оқу барысында табандылық пен еңбекқорлық танытқан Бөрте 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанды.
Жас зерттеуші
Сонымен қатар оқушы SAT, IELTS, CAE және HSK халықаралық тестілерінен жоғары нәтиже көрсеткен.
Бөрте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Қытай тілін де оқып, осы бағытта емтихан тапсырған.
Бұдан бөлек, дарынды шәкірт мектепте ғылыми жобалармен айналысып, халықаралық бағдарламаға қатысқан. АҚШ профессорының жетекшілігімен зерттеу жүргізген.
19:46
26
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.