Популярные тэги

Астанада оталар роботтың көмегімен жасала бастайды

Қазақстанда травмотология және ортопедия саласында MISSO роботтандырылған хирургиялық жүйесі қолданыла бастады.


18/01/2026
20:42 23 0

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, заманауи жабдық академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында берілген.

 

MISSO – операцияларды жоспарлау және жүргізу үшін жасанды интеллект алгоритмдерін қолданатын, дәрігерлерге ем-шараларды жоғары дәлдікпен жасауға көмектесетін, асқыну қаупін азайтатын және емдеудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ететін «ақылды хирургиялық көмекші».

 

Жыл сайын 18 мың ота

 

Қазақстанда жыл сайын жалпы қажеттілігі 120 мыңнан асатын эндопротездеу бойынша 18 мыңға жуық операция орындалады. Роботты технологияларды қолдану емдеудің сапасы мен стандартталуын арттыруға бағытталған.

 

Роботтар өндірісі

 

Айта кетейік, бұдан бұрын UBTECH Robotics атты қытайлық компания Қазақстанда робот шығара бастайтыны жайлы жазғанбыз.

 

UBTECH Robotics – Қытайдың адамға ұқсас роботтар мен интеллект қызмет жүйесін дайындаумен айналысатын компаниясы. ЖИ базасында білім беру және сервистік роботтар өндірісін іске қосу үшін компаниямен офтейк-келісімшарттар жасалды. Қуаты – жылына шамамен 25 мың жиынтық.

Поделиться

Нет комментариев.

18/01/2026 20:42
23 0

Уведомление