АҚШ-тың мыңдаған әскері Таяу Шығысқа жеткізілді

Пентагон бірнеше аптаға созылуы мүмкін құрлықтағы операцияларға кіріспек, деп хабарлайды Masa.media.


29/03/2026
12:09 202 0

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Таяу Шығысқа бірнеше мың сарбаздың жеткізілгенін мәлімдеді.

 

Америкалық теңізшілер мен теңіз жаяу әскерлері 27 наурыз күні USS Tripoli (LHA 7) десанттық кемесімен Орталық қолбасшылықтың жауапкершілік аймағына жеткен.

 «Америка» класындағы бұл десанттық кеме — шамамен 3500 теңізші мен теңіз жаяу әскерінен тұратын «Триполи» десанттық тобының / 31-ші экспедициялық теңіз жаяу әскері құрамасының ту ұстаушы кемесі. Оның құрамында көлік және соққы беруге арналған жойғыш ұшақтар, десант түсіруге арналған құралдар және тактикалық дайындық бөлімдері бар», - делінген хабарламада.

The Washington Post басылымы америкалық ресми тұлғаларға сілтеме жасап, Пентагон Иран аумағында бірнеше аптаға созылатын құрлық операцияларына дайындалып жатқанын хабарлады. Арнайы мақсаттағы бөлімдердің рейдтері мен кәдімгі жаяу әскердің қатысуы да жоспарланған болуы мүмкін.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына жоспарланған соққыларды уақытша тоқтататынын мәлімдеген.

Поделиться

Нет комментариев.

29/03/2026 12:09
202 0

Уведомление