АҚШ-тан кек алуға уәде берген Иранның ықпалды саясаткерінің қаза тапқаны расталды
Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қаза тапқанын растады.
Кацтың мәлімдемесі расталды
Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қаза тапқанын растады.
BBC агенттігінің Иран БАҚ-тарына жазуынша, Лариджани ұлымен, тағы бір шенеунікпен және күзетшілер тобымен бірге қаза тапқан.
Бұған дейін Лариджанидің қаза тапқанын Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеген еді. Тегеран бұл ақпаратқа күні бойы пікір білдірмей, тек кешке қарай растады.
Израиль армиясы басқа бір соққының салдарынан «Басидж» әскерилендірілген құрылымының қолбасшысы Голамреза Сулейманидің де қаза тапқанын хабарлады. 17 наурыз, сейсенбі күні кешке Ислам революциясы сақшылары корпусы Сулейманидің өлімін ресми түрде растады.
Ықпалды саясаткер
Еске сала кетейік, 1 наурызда Иранның Жоғары рухани көшбасшысы Әли Хаменеидің қаза тапқаны белгілі болған еді. Елдің жаңа жоғарғы көшбасшы болып оның ұлы Моджатаба Хаменеи сайланды.
Аятолланың өлімінен кейін Иран ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ-тан кек алуға ант беретінін мәлімдеген.
«Ұлтымыз өзгелердің Иранды бөлшектеуіне жол бермейді. АҚШ пен Израиль иран халқының жүрегіне соққы жасады. Біз де олардың дәл жүрегіне соққы береміз», – деді Әли Лариджани.
CNN телеарнасының мәліметінше, Лариджани Әли Хаменеидің басты кеңесшілерінің бірі болды, Иран билігінде шешім қабылдайтын ықпалды саясаткер.
07:54
34
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.