«АҚШ оны пайдаланбайды»: Трамп Ормұз бұғазын кім күзетуі тиіс екенін айтты
Дональд Трамп Ормұз бұғазының қауіпсіздігін оны тікелей пайдаланатын мемлекеттер қамтамасыз етуі керек деп есептейді.
Ақ үй басшысының айтуынша, АҚШ бұдан былай өзге елдердің орнына бұл міндетті атқаруға ниетті емес.
«Ормұз бұғазын оны пайдаланатын елдер қажет болған жағдайда өздері күзетіп, патрульдеуі тиіс. АҚШ бұл бағытты пайдаланбайды», — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар, АҚШ қажет болған жағдайда аталған елдерге қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, өңірдегі жағдайдың ушығуына байланысты Иран мен Израиль арасында шиеленіс күшейген. Ақпан айының соңында 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға соққы жасаса, Тегеран жауап ретінде қарсы шабуылдар ұйымдастырған.
Осы жағдай Ормұз бұғазы арқылы өтетін тасымалға әсер етіп, мұнай мен сұйытылған газ жеткізудің негізгі бағыттарының бірінің жұмысына кедергі келтірді. Сонымен қатар, бұл ахуал аймақтағы мұнай өндіру мен экспорт көлеміне де ықпал етіп отыр.
07:38
18
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.