Популярные тэги

Арулар – асыл жандар: 8 наурызды Астана мен Алматы қалай тойлайды?

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана мен Алматыда ондаған мәдени, спорттық және қайырымдылық шаралары өтеді.


05/03/2026
12:35 21 0

Астанадағы мерекелік шаралар

 

5 наурыз күні Байқоңыр ауданында «Айнадағы ару» атты интерактивті инсталляция өтеді. Адам көп жиналатын орындарға безендірілген айналар орнатылып, олар мерекелік көңіл күй қалыптастырып, арулардың сұлулығын айшықтай түспек.

 

Сондай-ақ, сол күні №10 мектеп-гимназиясында Байқоңыр ауданындағы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер арасында волейболдан турнир ұйымдастырылады.

 

Ал Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Moda FEST» ұлттық киімдер дефилесі өтеді.

 

6 наурызда сағат ерекше қажеттілігі бар балалар үшін «Ананың бейнесі» атты республикалық онлайн сурет байқауы ұйымдастырылады.

 

Sintez ізденіс-эксперименттік театрының сахнасында «Арулар асыл жандар» атты поэзия кеші, Өнер музейінде сағат 15:00-де «Анаға тағзым – аруға құрмет» атты концерт ұйымдастырылады.

 

Ал сағат 19:00-де «Наз» мемлекеттік би театрында «Аяулы ана» концерті, ал Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «О чем поют мужчины» атты кеш өтеді.

 

7 наурыз күні елорданың қыз-келіншектеріне гүл тарату акциясы ұйымдастырылады.

 

 

Нұра ауданының педагогтері үшін ұлттық ойындардан — тоғызқұмалақ, бес асық, армрестлинг және ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылады.

 

Сағат 19:00-де «Жастар» театрында «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты театрландырылған концерттік бағдарлама өтеді. Ал Әзербайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театрында «Келіндер көтерілісі» спектаклі қойылады.

 

Бұдан бөлек, 7–8 наурыз күндері Сарайшық ауданында елорда тұрғындарына қызғалдақ тарату акциясы өтеді.

 

8 наурыз күні Сарайшық ауданында аудан әкімінің қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді..

 

Алматыдағы мерекелік бағдарлама

 

 Алматыдық әншілер қала арулары мен қонақтарын жеке концерттерімен қуантпақ.

 

6 наурызда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Айқын Төлепбергендің «СЕН» атты концерті өтеді. Кеш әншінің сахнадағы 20 жылдық мерейтойына арналмақ. Концертке Shiza, Al Nasr, Жұлдыз Өмірғали, Argonya қатысатыны хабарланды.

 

Ал 7 наурызда Республика сарайында Нұрболат Абдуллиннің ән кеші өтеді.

 

Дәл осы сахнада 8 наурыз күні халықтың еркесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова бір емес екі концерт береді:16:00 және 20:00-де.

 

 

9 наурызда Қуандық Рахым да сахнадағы 10 жылдық мерейтойына атап өтпек. Ол да көрерменге Республика сарайында қатарынан екі концертін ұсынады.

 

Концерттер мен мерекелік бағдарламалардан бөлек, кинотеатрларда да тұшынып көрер дүние жетерлік. Бүгіннен бастап Азамат Сатыбалды түсірген «Мама» фильмі көрерменге жол тартты. Сонымен қатар, отандық прокатта «Соңғы махаббат», «Ғашықпын саған» және «Пейіш 2» фильмдері көрсетіліп жатыр.

 

көрнекі сурет: gov.kz

Поделиться

Нет комментариев.

05/03/2026 12:35
21 0

Уведомление