Популярные тэги

Армандар «орындалады»: Трамп Нобель сыйлығына қол жеткізді

АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығының медаліне ие болды, деп хабарлайды Masa Media.


16/01/2026
10:30 33 0

 

Мұндай да бола ма?

 

Бұл жаңалықты Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Айтуынша, ол Венесуэланың оппозициялық саясаткері Мария Корина Мачадомен екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу өткізген.

«Бүгін Венесуэладан келген Мария Корина Мачадомен кездесуім мен үшін үлкен мәртебе болды. Ол  талай сынақтан өткен, айрықша тұлға. Мария менің атқарған жұмысым үшін өзіне берілген Нобель бейбітшілік сыйлығын маған табыстады. Бұл өзара құрметтің тамаша белгісі. Рақмет, Мария», деп жазды Дональд Трамп.

 

Нобель комитетінің қарсылығы

 

Бұдан бұрын Трамп Мачадоның Венесуэлада қолдауы жоқ екенін мәлімдеген. Ал Мачадоның өзі Трамп Венесуэлаға жасалған шабуыл үшін Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық екенін айтқан. Алайда Нобель комитеті мұндай қадамның мүмкін еместігін атап өтті: сыйлық тағайындалғаннан кейін оны кері қайтарып алу, бөлісу немесе басқа тұлғаға беру мүмкін емес.

 

Еске салайық, 2025 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Мария Корина Мачадоға берілген. Ослодағы Нобель комитеті оның «Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын ілгерілету жолындағы тынымсыз еңбегін» жоғары бағалаған.

«Венесуэла президенті»

 

Жуырда Трамп өзін Венесуэла президенті деп жариялаған. Оның желіде жариялаған суретінде 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарушы екендігі көрсетілген. АҚШ президенті лауазымы да сақталған.

 

 

Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

 

Венесуэладағы жағдай

 

3 қаңтарда АҚШ күштері Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флоресті басып алды. Көп ұзамай ел билігін вице-президент Дельси Родригес қолға алды.

 

 Операциядан кейін Америка билігі Жердің батыс жарты шары енді АҚШ-тың ерекше қызығушылық нысанына айналатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Трамп Венесуэланы бақылау бір жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, Мадуроның бұрынғы жақтастарынан құралған елдің уақытша әкімшілігі «АҚШ-қа көңілі қалағанның бәрін береді».

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/01/2026 10:30
33 0

Уведомление