Араб елдерінде 4 мыңнан астам қазақстандық қалып қойды: олар қайтпек?
«Туристік Қамқор» қорының Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты елге жете алмай отырған туристерімізге қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Masa media.
Қор директоры Асылхан Есіловтің айтуынша, қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мың қазақстандық турист бар. Ал Сауд Арабиясына 200-ден аса, Қатарда 1 мыңнан астам отандасымыз демалысқа барған. Олардың бәрі – тур-кодпен сапарға шыққан азаматтар.
«Ешкім далада қалып қойған жоқ. Туристердің бәрі қонақүйлерге орналастырылды. Біз ешкімді ұмытпаймыз, қалдырмаймыз. Қазір жағдай бақылауда», – деп сендірді Асылхан Есілов.
Дубай әкімшілігің нұсқаулығы
Бүгін Дубай билігі барлық қонақүйлерге туристерді шығарып жібермеу туралы нұсқау бергені хабарланды.
Эмираттың Экономика және туризм департаменті қонақүйлерге ресми хат жолдаған. Құжатта рейс тоқтауына байланысты елден шыға алмай отырған туристерге тұру мерзімін ұзарту және бұрынғы брондау шарттарын сақтау ұсынылған.
Сонымен қатар көлік шектеулеріне байланысты елден шыға алмай отырған қонақтарды шығарып жіберуге жол бермеу керектігі ерекше атап көрсетілген. Ведомство қиын жағдайға тап болған туристерге барынша қолдау көрсетуді тапсырды.
Таяу Шығыстағы шиеленіс
Еске салайық, 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль күштері Иранды атқылады. Сенбі күні таңертең Тегеран орталығындағы резиденцияға жасалған соққыдан аятолла Әли Хаменеи мерт болды. Ел билігі бастапқыда оның қаза тапқанын жоққа шығарып, 1 наурызға қараған түні ғана растады.
Қарымта әрекет ретінде Иран бірден Таяу Шығыс елдеріндегі америкалық базаларды, сонымен бірге Израильді де атқылай бастады. БАӘ, Катар және Бахрейнге соққы жасады. Абу-Даби және Дубай әуежайлары шабуылға ұшырады.
14:18
40
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.