Популярные тэги

Қарағандыда Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Masa media.


25/02/2026
15:25 34 0

Оқиғаның  мән-жайы

 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға 25 ақпанда болды.

«Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір медициналық мамандардың бақылауында», – деп мәлімдеді ведомство.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.

 

Тергеу

 

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.

 

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

 

Айта кетейік, 2021 жылдың 16 сәуірінде оқу-жаттығу барысында Балқаш қаласында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған.

Поделиться

Нет комментариев.

25/02/2026 15:25
34 0

Уведомление