Аптасына 20 рейс: енді қазақстандықтар Таиландқа жиі ұша алады
Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстер саны аптасына 20-ға дейін көбейеді.
4 бағыт, 20 рейс
Көлік министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Air Astana әуе компаниясы Астана – Бангкок (Таиланд) бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR ұшағымен орындалады.
«Бұл әуе бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы 4 бағыт бойынша рейстер саны аптасына 20-ға дейін артады», – деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазір Таиландқа мына бағыттар бойынша рейстер орындалады:
Алматы – Пхукет – аптасына 7 рейс (Air Astana);
Алматы – Бангкок – аптасына 9 рейс (Air Astana – 6, Thai AirAsiaX – 3);
Шымкент – Бангкок – аптасына 2 рейс (SCAT).
Қазақстандықтар Таиландта визасыз қанша күн жүре алады?
Айта кетейік, Таиланд үкіметі бірқатар елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының елде визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты. Сонымен қатар 180 күн ішінде елде өткізілген күндердің жалпы саны 90 күннен аспауы керек. Яғни Таиландқа бірнеше рет барған жағдайда, алты ай ішінде елде болған барлық күннің жиынтығы 90 күннен аспауға тиіс.
Жаңа тәртіп 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енді. Таиланд билігі бұл шешімді елде заңсыз жұмыс істеуге жол бермеу және виза мерзімін ұзарту үшін шекара асып, қайта кіріп-шығу сияқты әрекеттердің алдын алу мақсатында қабылдаған.
11:13
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.