Популярные тэги

Ақнәр Гүлістанның өлімі: тергеу қайта басталды

Алматыда 2024 жылы қаза тапқан Ақнәр Гүлістанның өліміне қатысты іс бойынша қайтадан тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Masa media.


05/03/2026
13:44 22 0

Толығырақ

 

Бұған дейін Бас прокуратура қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берген. Енді Ақнәрдің өліміне қатысты жаңа деректерді Ішкі істер министрлігі тексермек. Бұл туралы вице-министр Санжар Әділов мәлімдеді.

 «Қылмыстық іс ішкі істер министрлігі өндірісіне берілді. Қайта тергеу тобын құрып, тергеу әрекеттерін бастадық», – дейді Әділов Сенат кулуарында.

Қылмыстық іс

 

Ақнәр Гүлістан 2024 жылдың 20 шілдесінде қаза тапты. Терезеден құлап мерт болған қыздың өліміне қатысты іс өзін-өзі өлтіруге жеткізу бабы бойынша қозғалды. Анасы Гүлістан Хамит қызының кісі қолынан өлгенін дәлелдеу үшін талай есікті қаққан. 

 

Оқиға болған күні Ақнәрдің жанында екі құрбысы Дидар Мұқият пен Рано Асқар болған. Олар қылмыстық істе қорғалуға құқығы бар куә деп танылды.

 

Заңгер Инга Иманбай марқұмның анасы ұсынған жаңа материалдарды тергеушілер назарға алмағанын айтады. Өйткені қылмыстық іс ҚК 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қозғалған. Маман іс «адам өлтіру» не «денсаулыққа қасақана зиян келтіру адам өліміне әкеп соққан жағдай» бойынша қозғалуы керек деген пікірде.

Поделиться

Нет комментариев.

05/03/2026 13:44
22 0

Уведомление