Популярные тэги

Алтын нарығы дүр сілкінді: баға тарихи межеден асты

Comex тауар биржасында 2026 жылғы ақпанда жеткізілетін алтын фьючерсінің бағасы тарихта алғаш рет бір трой унциясы үшін 4600 доллардан асты.


12/01/2026
12:38 29 0

Getty Images

 

Толығырақ

 

Астана уақытымен 05:55-те қымбат металдың құны 2,03%-ға өсіп, бір унциясы 4610,1 долларға жетті. Сағат 11:05-ке қарай өсім қарқыны 1,96%-ға баяулап, алтын бағасы 4589,3 долларды құрады.

 

Не әсер етті?

 

Bloomberg агенттігінің жазуынша, алтын бағасының өсуіне АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) төрағасы Джером Пауэллдің Әділет министрлігі тарапынан өзіне қылмыстық айып тағу қаупі бар екенін мәлімдеуі түрткі болған. Сондай-ақ Ирандағы жаппай наразылықтар да қымбат металға деген сұранысты арттырды.

 

Бағаға әсер еткен өзге факторлар қатарында агенттік АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі, геосаяси шиеленістің күшеюі және долларына деген сенімнің әлсіреуін атады.

 

Еске салайық, 2025 жылғы 23 желтоқсанда Comex биржасында алтын фьючерсінің бағасы бір трой унциясы үшін 4500 доллардан асып, тарихи ең жоғары деңгейін жаңартқан болатын.

Поделиться

Нет комментариев.

12/01/2026 12:38
29 0

Уведомление