Популярные тэги

Алтын бала: Үкімет Шайдоровтың дайындығына қанша ақша құйды?

Туризм және спорт министрлігі Шайдоровты даярлауға қанша ақша жұмсалғанын жариялады.


20/02/2026
17:05 91 0

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылы спортшы мен оның командасының дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қаржы көлемі 263 394 581 теңгені құраған.

«Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынына (8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінді. 2025 жылы спортшының жалпы еңбекақысы (ҚР ТСМ ДРС, федерация және әкімдік желісі бойынша) 33 989 000 теңгені құрады», – делінген хабарламада.

Ал спортшының жеке бапкері Алексей Урмановтың 2025 жылғы еңбекақысы (ҚР ТСМ ДРС және федерация желісі бойынша) 26 000 000 астам теңге болған. Хореограф И.В.Регинаның 2025 жылғы еңбекақысы (ҚР ТСМ және федерация желісі бойынша) 23 000 000 теңгені құраған.

 

Ведоство дерегінше, қосымша түрде жарыс бағдарламаларын қою, екі костюм тіктіру және шығармаларға авторлық құқықтарды сатып алу шығындары да қаржыландырылған. Бұған дейін спортшы әлем чемпионаты мен Азия ойындарындағы жоғары нәтижесі үшін 6 694 581 теңге көлемінде біржолғы сыйақы алса, жаттықтырушылар штабына қосымша 1 506 040 теңге төленіпті.

 

Еске салайық, Миландағы Қысқы Олимпиада Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанып, ел қоржынына тарихи алтынды салды. Бұл – Қазақстанның ақ Олимпиада 32 жылдан кейін алған алтыны.

Поделиться

Нет комментариев.

20/02/2026 17:05
91 0

Уведомление