Алматылық блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды

Ол жол ережесін бұзғаны үшін бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


15/10/2026
08:43 0

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының qamqor.gov.kz порталындағы мәліметке сәйкес, іздестіру ісі 2026 жылғы 14 қазанда тіркелген. Істі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастаған. Қазір іздестіру жұмыстарын Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

 

Назар Роллан әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережелерін бұзған сәттерін түсіріп, жариялау арқылы танылған.

 

2018 жылы ол Әл-Фараби даңғылында көлікті қарсы қозғалыс жолағымен жүргізіп, сол сәтті видеоға түсірген. Осы оқиғадан кейін жүргізушіге қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылған.

 

Ал 2019 жылы блогер Porsche автокөлігін тізгіндеп келе жатқанда Достық көшесі мен Абай даңғылының қиылысында тоқтатылды. Ол алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Поделиться

Нет комментариев.

15/10/2026 08:43
0

Уведомление