Алматыдағы беделді мектептің оқушылары жаппай уланып қалды
Оқушылар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада жатыр.
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФМММ) 48 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Тағы алты бала мектеп-интернатта дәрігерлердің бақылауында. Осы оқиғадан кейін мектептің, интернаттың және асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 12-14 қазан аралығында балалардың қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына түскен. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылған оқушылардың жағдайы тұрақты, денсаулығы нашарлаған жоқ. Жансақтау көмегіне мұқтаж балалар жоқ.
Оқушылардың жаппай сырқаттанғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Балалардың туыстарының бірі Threads желісінде бауырлары әлденеден уланып, ауруханаға түскенін жазған. Оның айтуынша, сырқаттанғандардың басым бөлігі мектеп-интернатта тұрады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар зертханалық талдауға сынамалар алып, балалардың неден жаппай ауырғанын анықтап жатыр.
09:44
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.