Алматыда тағы да жер сілкінісі: дүмпу кезінде не істеу керек?
28 қыркүйек алматылықтар үшін үреймен басталды. Қатарынан екі жер дүмпуін сезген қала тұрғындары қауіпсіз орындарға жетуге асықты.
Жер сілкінісінің ошағы қай жерде?
Сейсмологтар жер сілкінісінің ошағы қаладан небәрі 8 шақырым оңтүстік-батыста орналасқанын анықтады. Кейін министрлік дүмпулердің Алматыдағы қарқындылығы 3–4 балл болғанын хабарлады.
Жер сілкінісінің күші аса қауіпті деңгейде болмағанымен, эпицентрдің қалаға жақын орналасуы дүмпулердің анық сезілуіне себеп болды. Кейбір тұрғындар үйлердің жоғары-төмен қозғалғандай болғанын, ғимараттардың бәрі бір мезетте қатты шайқалғандай әсер қалдырғанын айтты.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының сейсмикалық станциялар желісі алғашқы қозғалысты сағат 06:32-де тіркеген. Ал жер сілкінісінің өзі сағат 09:38-де болған.
Ұлттық ескерту жүйесі арқылы тұрғындарға жер сілкінісі туралы хабарланып, қосымша нұсқау берілгенше ашық жерде болу ұсынылды. Қала тұрғындарына сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеу ескертілді. Төтенше жағдайлар департаменті жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.
Жер сілкінген жағдайда не істеу керек?
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық зерттеулер институтының мамандарының айтуынша, жер сілкінісі кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін 10 қарапайым қадамды орындау керек:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
5. Төменгі қабаттарда – ғимараттан шығыңыз, жоғарыда – дүмпу тоқтаған соң эвакуациялаңыз;
6. Мүмкін болса, газды, суды, электр қуатын өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
фото: ЖИ
10:18
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.