Almaty Museum of Arts Бельгия корольдік жұбын қалай қарсы алды
Бельгия королі Филипп пен ханшайым Матильда Алматыдағы Almaty Museum of Arts музейімен танысты.
Мәртебелі меймандарға Қазақстан және әлем өнерінің үздік туындылары қойылған көрмелерді таныстыратын экскурсия ұйымдастырылды. Корольдік жұпты музейдің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов пен көркемдік жетекшісі Меруерт Қалиева қарсы алып, музей экспозицияларын таныстырды.

Қонақтар әлелі «Мүсіндер: 1950 жылдардан бүгінге дейінгі Қазақстан мүсін өнері» көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, олардың назарына әлемге танымал суретшілер Ричард Серра, Ансельм Кифер және Яёи Кусаманың туындылары ұсынылды. Билл Виоланың «Станциялар» атты бейнеинсталляциясын көріп, музей ауласындағы Алисия Кваданың «Препозиция» инсталляциясымен танысты.
Сапардың ең маңызды сәті музей атриумында ұсынылған «Балшық денелер» перформансы болды. Қойылымды Брюссельдік хореограф Ула Сикл KANAL – Centre Pompidou ұйымымен бірлесіп әзірлеген. Бұл – Брюссельде заманауи өнер мен сәулетке арналған жаңа ірі музей. Оның ашылуы 28 қарашаға жоспарланған.
Перформанстың негізіне отқа күйдірілген керамика алынған. Ол қойылымның қимыл-қозғалысын, дыбысы мен ырғағын айқындайды.

Сапар естелігі ретінде король Филипп пен ханшайым Матильда Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Сондай-ақ оларға қазақстандық суретші Алмагүл Меңлібаеваның «Мен бәрін түсінемін» атты көрмесінің каталогы сыйға тартылды.
суреттер: Роман Егоров.
11:01
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.