Алексей Луценко Азиаданың алты дүркін чемпионы атанды

Алексей Луценко 2026 жылғы Азия ойындарындағы шосселік велоспорттан топтық жарыста жеңіске жетіп, Азиаданың алты дүркін чемпионы атанды.


23/09/2026
09:30 0

Қазақстандықтардың нәтижесі

 

Алексей Луценко қашықтықты 4 сағат 13 минут 11 секундта бағындырды. Федоров жеңімпаздан 1 минут 58 секундқа қалып, 4:15:09 нәтижесімен екінші болып келді. Қола медальді жапониялық Юхи Тодомэ иеленді – 4:15:51. Қазақстандық тағы бір спортшы Николя Винокуров жетінші орынға тұрақтады – 4:19:27.

 

Луценко үшін бұл – биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын медаль. Бұған дейін қазақстандық велошабандоз жеке стартпен өтетін жекелей жарыста да жеңіске жеткен.

 

Жаңарған рекорд

 

33 жастағы спортшы осы жеңісінен кейін Азия ойындарындағы мансаптық алтын медальдарының санын алтыға жеткізіп, Қазақстан спортшылары арасындағы рекордын жаңартты. Бұған дейін бұл көрсеткіш ескек есу спортшысы Константин Негодяевке тиесілі еді. Оның қоржынында Азия ойындарының бес алтыны болған.

 

Луценко Азия ойындарындағы алғашқы чемпиондық атағын 2014 жылы Инчхонда жеңіп алған. 2018 жылғы Джакартадағы додада ол екі алтын медаль иеленді. 2022 жылы Ханчжоуда бір алтын және бір күміс жүлде алды. Ал Айти мен Нагоядағы ойындарда тағы екі рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

 

Осылайша Қазақстан құрамасының медаль қоржынындағы жүлделер саны 16-ға жетті. Оның ішінде 7 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль бар.

 

Поделиться

Нет комментариев.

23/09/2026 09:30
0

Уведомление