Албания Қазақстанмен визасыз режимді тоқтатты: саяхатшылар нені ескеруі керек
2027 жылдан бастап Қазақстан азаматтары Албанияға бару үшін қайтадан виза рәсімдеуге мәжбүр болады. Бұған не себеп?
Албания билігі Қазақстанмен визалық талаптарды өзара алып тастау туралы келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдады. Тиісті қаулыны елдің Министрлер кеңесі 2026 жылғы 12 қарашада мақұлдаған. Демек, енді қазақстандықтар Албанияға визасыз бара алмайды.
Визасыз режим Албания үкіметі 2022 жылғы 4 қарашада бекіткен келісім негізінде жүзеге асқан. Құжатқа 2022 жылдың қыркүйегінде қол қойылған. Сол кезде Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Албания тарапымен екі ел азаматтарын визалық талаптардан өзара босату жөнінде уағдаласқан.
Келісім бойынша, екі елдің азаматтары екінші мемлекеттің аумағында әрбір 365 күн ішінде 90 күнге дейін бола алатын. Ал қазақстандықтардың болу мерзімі Шенген аймағының ережелеріне сәйкес есептелетін. Енді тараптар осы келісімді денонсациялау, яғни оның қолданысын ресми түрде тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бұл бастаманы Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі көтерген. Ал тиісті қаулыға премьер-министрдің орынбасары Албана Кочиу қол қойған. Құжат Албанияның ресми басылымында жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Алайда қаулыда виза талаптары нақты қай күннен бастап енгізілетіні көрсетілмеген.
Сондықтан 2027 жылы Албанияға сапарлауды жоспарлаған азаматтарға билет сатып алмас бұрын елге кіру тәртібін елшілік немесе өзге де ресми дереккөздер арқылы нақтылап алған жөн.
Албания визасын рәсімдеу туралы өтінішті қарау орта есеппен екі аптаға созылады. Ең ұзақ мерзімі – 15 жұмыс күні.
16:19
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.