Қала күні: Алматыда 19 қыркүйекте қайда баруға болады
Алматылықтар биыл қала күнін екі күн қатарынан тойлайды.
Негізгі іс-шаралар Астана алаңында, Абай алаңында, Панфилов және Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде, «Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңында өтеді. Бүгін, 19 қыркүйекте мынадай шаралар жоспарланған:
Абай алаңы
Бұл күні Абай алаңында ауқымды «Otbasy Fest» мерекелік бағдарламасы өтеді. Сағат 11:00-12:00 арасында «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы табысталады.
12:00-13.30 – «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Алматым жүрегімде» концерттік бағдарламасы.
13:30-15:00 – Қазақ мемлекеттік циркінің бағдарламасы.
15:00-16:00 – «ASU» фольклорлық этнографиялық ұжымының «Алматы әуені» концерттік бағдарламасы.
16:00-17:50 – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Ару қала – Алматы» концерттік бағдарламасы.
Танымал қазақстандық пианист әрі композитор Ratovich (Темірлан Бейсенбай) те осы жерде өнер көрсетеді. Концерт барысында пианист Michael Jackson, Sting, Ed Sheeran, Modern Talking, ABBA, Валерий Меладзе және Батырхан Шүкенов сияқты танымал орындаушылар мен музыкалық топтардың шығармаларын орындайды.
Ratovich өнерін тамашалау үшін Абай алаңына сағат 18:30-ден кешікпей келу керек.
Ал Ne Prosto Orchestra дирижері – маэстро Мадияр Тойболды. Оркестр танымал шығармаларды симфониялық нұсқада орындайды. Оның ішінде Роза Рымбаева мен «Дос-Мұқасан» тобының Алматы туралы танымал әндері де шырқалады.
Оркестр ашық аспан астында өнер көрсетеді. Басталуы – 19:00.
Астана алаңы
11:00-17:00 арасында Астана алаңында мерекелік концерттік бағдарлама болады. Сахнада өнер көрсетеді: «Сенім» вокалды хоры, домбырашылар ансамблі, жетігеншілер ансамблі, «Bibi» вокалдық студиясы, трио «4VIBE», «Руханият серілері», «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Дана Максимова, Райым Уайс, дуэт «Әдемі-ай», Сейфуллин Жолбарыс, этнофьюжн ансамбль «Рабат», Құдайберген Бекіш, Еркебұлан Құмаров, «Астра» тобы, Muzart Life.
18:00-22:00 – «Almaty Vibes» музыкалық фестивалі.
Сахнада өнер көрсетеді: Мақпал Жүнісова, Nurbullin, BayanSulu, Мирас Жүгінісов, Akimmmich & BIMO, KALIFARNIYA, ALPHA, Ерке Есмахан, 6ellucci, Сара Амангелді, Айдана Меденова, AYREE, SANZHAR, ADEMI-AI, 404 тобы, KAINAR, Өктем Алтаев, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Жандос Қаржаубай.
Панфилов алаңы
11:00-18:00 арасында Т. Жүргенов атындағы академия алаңында мерекелік концерттік бағдарлама болады. Сахнада өнер көрсетеді: Мади Рымбаев, Али Окапов, Нургалым Аманбай, Нурмухаммед Жакып, Акерке Амалят, Карим Мутурганов, Талгат Кузембаев, Жас-Мұқасан, ILIGAI, Трансформация, Орындықтардағы эквилибр, Отты шоу.
Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшесі
12:00-18:00 – мерекелік концерттік бағдарлама. Жүргізуші: Нұржан Әбубәкір. Сахнада: Ethno-fusion «RABAT», импрессивті қуыршақ театры, LIVE BAND «ROCKN ROLLA», «Тотальный театр», KODI, Дана Максимова, Baxa SM.
«Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңы
19:00-де «Ән мен күйдің бесігі» атты мерекелік концерт өтеді.
Сахнада Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Айгүл Үлкенбаева, Еркін Шүкіманов, Арман Жүдебаев, Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Ұлжан Байбосынова, Амангелді Күзеубай, Батыржан Мықтыбаев, Мұрат Әбуғазы, Аққалқа Ахметова, Санат Исаев, Қанат Әмірханов, Салтанат Құдайбергенова, Абай Қойшыбаев, Шолпан Даржанова. Талғат Әбуғазы, Қазбек Мақпал, Гүлім Арыспаева, Бәзілжанов Біржан. Ұзақбай Нұрболат, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі (Дирижері Тілепберген Абылай) және т.б. өнерпаздар өнер көрсетеді.
08:59
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.