Популярные тэги

Адасқан ұл: Депутат Сабуровты «ұлттық таңдауын» айқындауға шақырды

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов әзілкеш Нұрлан Сабуровтың «өзі үшін дұрыс шешім қабылдайтынына» сенім білдірді.


02/03/2026
16:44 27 0

Милоновтың айтуынша, Сабуров өз мәлімдемелеріндегі екіұшты тұстардан арылып, ұстанымын нақты көрсетуі керек. 

 

News.ru-дың жазуынша, депутат әртістің аудиториясының басым бөлігі өздерінің «ұлттық таңдауын» әлдеқашан айқындап қойған ресейліктер екенін атап өткен.

 

Парламент мүшесі Сабуровтың жағдайы әлі де үмітсіз емес деп есептейді.

«Христиан ретінде адасқан жанның қайта жол тапқанына қуанамын. Адам кейде қателесіп, дұрыс емес бағытқа қадам басуы мүмкін… Жақында біз адасқан ұл туралы мысалды еске алған едік. Сондықтан оның жағдайы түзеліп кетсе, мен шын жүректен қуанар едім», – деді Милонов.

Еске салайық, жуырда Ресей билігі Нұрлан Сабуровқа елге 50 жылға кіруге тыйым салды. Ресми себеп ретінде оның көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны аталды.

 

Кейінірек Сабуровқа қатысты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру жүргізе бастағаны хабарланды. Бұған оның қатысуымен тараған бейнежазба себеп болған. Видеода комик «Легион Вагнера Истра» деп аталатын құрылымға 10 эндуро мотоциклін сыйға беріп, жауынгерлерге «жеңіспен оралыңдар» деп тілектестік білдіреді.

Поделиться

Нет комментариев.

02/03/2026 16:44
27 0

Уведомление