Популярные тэги

Ақ Олимпиада: Қазақстан медаль кестесінде қай орынға жайғасты?

Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиадада бір алтынмен аяқтады.


22/02/2026
20:39 26 0

Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметінше,  Қазақстан медаль кестесінде Қазақстан 19-орынға жайғасты. Жалпы есепте Норвегия көш бастады. Екінші орынды АҚШ иеленсе, үздік үштікті Нидерланд құрамасы түйіндеді.

 

Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында екінші рет үздік көрсеткішке қол жеткізді. Ел құрамасы 1994 жылдан бері алғаш рет қысқы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған. 

 

1994 жылы қазақстандық спортшылар бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, жалпы есепте 12-орын алған еді. Төрт жылдан кейін құраманың еншісінде екі қола болды. 2002 және 2006 жылдары Қазақстан жүлдесіз қалды. 2010 жылы бір күміс, 2014 жылы бір қола медальға қол жеткізген. 2018 жылы да Қазақстан Олимпиаданы бір қола жүлдемен аяқтады. Ал 2022 жылғы ойындарда құрамамыз медаль ала алмады.

 

Қазақстан құрамасы Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын бір алтын медальмен аяқтады.

«Ел қоржынына жалғыз жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салып, Олимпиадада топ жарды. Ол – осы спорт түрінде Олимпиада шыңына шыққан тұңғыш қазақстандық атанды. Бұған дейінгі ең үздік нәтиже 2014 жылы Сочиде Денис Тен еншілеген қола медаль еді», – деп еске салды ҰОК.

Айта кетейік, бұдан бұрын әлемге әйгілі актер Джеки Чан қазақстандық спортшы Михаил Шайдоровты арнайы құттықтап, Олимпиаданың гала-шоуындағы қойылымына қолдау көрсеткен.

Поделиться

Нет комментариев.

22/02/2026 20:39
26 0

Уведомление