Популярные тэги

9 жылдан кейінгі кәмбэк: көкпардан Әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Түркістанда 15-21 наурыз аралығында Көкпардан ІІ Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Masa media.


04/03/2026
07:48 84 0

Қатысушылар

 

Көкпардан Әлем чемпионатына он елден ұлттық құрама қатысады деп күтілуде.  Жарыс «Көкпар» дүниежүзілік қауымдастығының ережелері бойынша өтеді, ал төрешілер құрамын осы ұйым іріктеп алады.

 

Жарыс иесі – Қазақстан құрамасына атақты көкпаршылар Есжан Құрманбай (Жамбыл облысы), Ернат Мәлімбай (Жамбыл облысы), Асылжан Мамыт (Түркістан облысы) және Нұрислам Төлеп (Түркістан облысы) кірді.

 

Жүлде қоры

 

16 наурызда топтық ойындар басталады, соңғы кездесу 21 наурызға жоспарланған.

 

Әлемдік біріншіліктің жалпы жүлде қоры–  30 млн теңгені құрайды.

 

Ойындар Qazsport арнасында және осы арнаның youtube каналында тікелей көрсетіледі.

 

Еске салайық, көкпардан алғашқы Әлем чемпионаты 2017 жылы Астанада өткен EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында болған. Онда Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен.

 

фото: Sputnik

Поделиться

Нет комментариев.

04/03/2026 07:48
84 0

Уведомление