8 ел, 11 қала: Димаш жаңа турының алдында көрермендерін қызықтырып қойды

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды.


18/10/2026
08:41 0

Кеше Димаш жаңа бағдарламаның дайындық барысында түсірілген кадрлармен бөлісті.

«1 күн қалды. Ертең кездескенше!», - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің жаңа туры Польшадан басталып, Индонезиямен түйінделмек. Барлығы 8 ел, 11 қаланы қамтитын сапардың кестесі төмендегідей:

18 қазан – Краков, Польша
24 қазан – Дюссельдорф, Германия
30 қазан – Мадрид, Испания
11 қараша – Мерида, Мексика
14 қараша – Монтеррей, Мексика
17 қараша – Гвадалахара, Мексика
19 қараша – Мехико, Мексика
20 қараша – Мехико, Мексика
22 қараша – Богота, Колумбия
24 қараша – Сантьяго, Чили
1 желтоқсан – Лима, Перу
12 желтоқсан – Сентул-Сити (Джакарта), Индонезия

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «DIMENSIONS» («Өлшемдер») бағдарламасы – уақыт пен кеңістікті шарлау емес, көрерменмен өзара байланыс арқылы адамның ішкі болмысын ашу.

«DIMENSIONS» атауы Димаштың сан қырлы болмысын  – өнер иесі, шығармашылық тұлға әрі жарқыраған сахна жарығынан тыс өзінің шынайы қалпындағы адам ретіндегі болмысын бейнелейді. Бұл оның сахнаға шыққан сәттегі қуаты мен жарқылынан, төл мәдени тамырына деген адалдығынан, жан түкпіріндегі терең нәзіктігінен, жүріп өткен жолында жинақтаған ой-толғаныстарынан және өз болмысының тереңінен жауап іздеуге жетелейтін рухынан көрініс табады», - деп жазды dimashnews.com.

Поделиться

Нет комментариев.

18/10/2026 08:41
0

Уведомление