3,6 млн бала тексерілді: қазақстандық оқушылар қандай ауруларға жиі шалдығады
Дәрігерлер қазақстандық оқушыларды профилактикалық тексеру нәтижесін жариялады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жылдың алғашқы алты айында дәрігерлер профилактикалық тексеру кезінде 3,6 миллион баланың денсаулығын тексерген. Нәтижесінде 302 мың оқушыдан түрлі ауру анықталған. Олардың арасында қаназдық, көру қабілетінің бұзылуы және тісжегі алдыңғы орында тұр.
Ведомствоның мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша 119 мыңнан астам бала тұрақты медициналық бақылауға алынған.
Тісжегі 80 мыңнан астам оқушыдан анықталған. Дәрігерлер мұны құрамында қанты көп тағамдарды шамадан тыс тұтынумен байланыстырады.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы екі жылда елімізде профилактикалық стоматологияға арналған 166 кабинет ашылған.
«Бұл кабинеттердің жұмысы оқушыларға ауыз қуысының күтімін үйретуге және тіс ауруларының алдын алуға бағытталған», - делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ 2027 жылдан бастап ата-аналарға балаларының алдағы медициналық тексеруі туралы SMS-хабарлама жіберу жоспарланып отыр.
Алайда министрлік қаназдық пен көру қабілетінің бұзылуы қанша оқушыдан анықталғанын нақтыламады.
көрнекі фото: zakon.kz
13:58
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.